М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназияда Мұғалім күні қарсаңында Мұқағали Мақатаев атындағы кітапхананың салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, тың жобамен өз оқырмандарын қуантты. Алғаш рет кітапхана қабырғасында Коворкинг орталығы ашылды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне мектеп ұжымы, мектебіміздің ардагер ұстаздары арнайы шақырылып, тұсау кесер рәсіміне куә болды. Оқушылар мен Ұстаздардың игілігіне ашылған кітапхана жұмысы өз оқырмандарына қуаныш сыйлады. Мектеп білім алушылары өз өнерлерін ортаға салып, Ақын Мұқағали Мақтаевтың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
- Main Page
- /
- Grand opening of the library at school-gymnasium No. 74 named after. M. Makataeva
Grand opening of the library at school-gymnasium No. 74 named after. M. Makataeva
