отбасынан шыққан балаларға көмек. 2020-2021 оқу жылы
2020 жылдың 18 тамызынан бастап «Жалпы оқыту қорынан» көмек көрсету бойынша құжаттарын жаңалаған. Жаңадан құжат әкелген аз қамтылған оқушылрды «Қамқор» ЛРТ базасына тіркеу басталған болатын. Осыған байланысты «Қамқор» ЛРТ базасына 18 тамыз бен 23 қараша аралығында 265 аз қамтылған отбасынан шыққан және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар тіркелді, осы оқушылардың әрқайсысына көлік карталарына 40000 тг салынды. 30 дүкендер желісі көмек көрсетті. Ата-аналар балаға қажетті киім-кешектер, аяқ киімдер, оқу-құралдарын ала алды.
Жыл сайын жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақпен қамтылып, тізім жасалынып, балаларды бір реттік кешенді ыстық тамақпен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Қазіргі кездегі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты оқушылар мектептен тамақтанбайтын болғандықтан тек қана тізім жасалынды.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты елбасымыз Н.Назарбаевтың Нұр-Отан партиясы мектебіміздегі көп балалы отбасынан шыққан және әлеуметтік көмек алатын, тұрмыс жағдайы төмен 200 отбасына 50 мың теңге көлемінде «Біз біргеміз!» акциясы атынан көмек берілді.
2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытылатын болғандықтан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, тұрмысы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тізімін жасалынып, мектеп тарапынан оқушыларға 370 интернет роутер, 478 компьютер, ноутбук, моноблок беріліп, оқушылар толық техникалық жабдықтармен қамтылды.
№74 мектеп-гимназиясындағы көп балалы, тұрмысы аз қамтылған
отбасынан шыққан балаларға көмек. 2019-2020 оқу жылы
- Тұрмысы аз қамтылған және жетім оқушылар Білім Басқармасынан қыркүйек айынан мамыр айына дейін тегін жолақы билетін алып тұрды.
- Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5-11 сынып арасындағы 27 оқушы және 1 жетім бала мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
- 2019 жыл наурыз айынан бастап 5-11 сынып аралығында тұрмысы аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар тегін ағылшын курсына қатысады.
2018 жылы қыркүйек айында тұрмысы аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 оқушыға (25 тұрмысы аз қамтылған және 4 жетім оқушылар) оқу құралдары және қысқы куртка, етік, спорттық киім, рюкзак, спорттық аяқ киім, мектеп формасы берілді.
2019 жылы мамыр айында тұрмысы аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 31оқушыға (29 тұрмысы аз қамтылған және 2 жетім оқушылар) оқу құралдары және қысқы куртка, етік, спорттық киім, рюкзак, спорттық аяқ киім, мектеп формасы берілді.
Ата-ана өтініші бойынша
тегін қосымша сабақтарға тартылған оқушылар
5-сыныптар арасында :
- ағылшын тіліне - 4 оқушы;
- математика пәніне – 3 оқушы;
- футбол үйірмесіне -2
Бастауыш сыныптар бойынша:
- математика пәніне – 16;
- қазақ тілі пәніне - 20;
- ағылшын тілі пәніне -12