Ата-аналар жадынамасы
- Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін 50 балдан төмен жинамау керек, ұлттық ЖОО-ға 70 балдан кем жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден (соның ішінде қазақ мектептеріндегі орыс тілінен және орыс мектептеріндегі қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.
- Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
- Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
- Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
- Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
- Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
- Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытындаөзімен біргекелесі құжаттарды алып келу керек:
- ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- қара сиялы қалам;
- ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады
- сөйлесуге;
- орнынан тұруға ;
- орын ауыстыруға;
- кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
- аудиторияға калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы байланыс телефон, планшетник, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалка және анықтамалық құжаттарды (Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқаларын) алып кіруге және қолдануға;
- Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
1. Ұлттық бірыңғай тестілеу
- Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
- ҰБТ-ға :орта білімнен кейін және жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдіргендер;
- жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер
- жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер
- үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері;
- өзбек, тәжік, ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің оқушылары (мемлекеттік немесе орыс тілінде – ерікті түрде) қатысады.Дәстүрлі түрдеқорытынды аттестаттаудан:
- ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған бітірушілер білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді.
2.ҰБТ-ны өткізу тәртібі
- ҰБТ бес пәнбойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
- ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
- Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
- ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
- ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
- Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
- ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
3. Тестілеуге өтініш беру
- ҰБТ-ға қатысуғаөтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін бере алады.
- Өтініш өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
- Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- 2 фотосурет (3х4 өлшемді).
- Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
- Мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
- Тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
- Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.
4. Емтихан мерзімі мен ұзақтығы
- Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
- ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.
- ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
5. Тестілеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Тестілеу кезінде ереже бұзушылықтардың алдын алу және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тестілеуден өтеді.
- Тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары мен видеобақылау қондырғылары қолданылады.
- Тестілеу басталардан бұрын ҰБТ өткізілетін ғимаратты жарылғыш затқа тексеру жүргізіледі (міндетті түрде акт толтыру арқылы)
6. Апелляция
- Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.
- Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.
- Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
- тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
- дұрыс жауабы жоқ;
- бірнеше дұрыс жауабы бар.
- Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
- дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған
- 7. Аттестатқа бағалар қою
- Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі
№ р/с |
Пән |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақ тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
2 |
Орыс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
3 |
Қазақстан тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
4 |
Математика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
5 |
Физика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
6 |
Химия |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
7 |
Биология |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
8 |
География |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
9 |
Дүниежүзі тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
10 |
Қазақ әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
11 |
Орыс әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
12 |
Ағылшын тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
13 |
Неміс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
14 |
Француз тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
15 |
Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
16 |
Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
8. Сертификат
- Сертификаттың қолданыс мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін
- жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі.
- ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат;
- ҰБТ тапсырған бітірушілерге:
9. Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
"ҰБТ-2020" тапсырудағы ерекшеліктер
Биыл ҰБТ алғаш рет жаңа жағдайда өтеді: түлектер пандемия індетіне байланысты енгізілген карантиннің қатаң талаптарын сақтауы тиіс
Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам адам қатысады. Соның ішінде менің мектебімнен 34 оқушы қатысады.
ҰБТ-2020 туралы не білу керек?
Ата-аналарға балаларын Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады.
Коронавирустың таралу қаупін азайтуға арналған қосымша тағы 5 сақтық шарасы қолданылады. Біріншіден – тест тапсырушыларды заласыздандыру туннельдерінен өткізу. Екіншіден – аяқ киімдерді арнайы заласыздандыру кілемшелерімен өңдеу. Үшінші – еденді санитайзерлермен заласыздандыру. Төртінші – әр талапкердің дене қызуын өлшеу. Бесінші – бір жолғы қолданылатын жаңа маскалар беру.
Шекті балл қанша
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін былтыр жылы 60 балл болса биыл 70 балл болып отыр.
Ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға – 65 балл
Агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына – 60 балл
қалған жоғары оқу орындарына – 50 балл.
ҰБТ тапсыру ережесі
Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылды. Егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса, тестілеу нәтижесі жойылады.
ҰБТ-ға қандай сұрақтар енбейді
Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.Оқушылар төртінші тоқсанды толығымен қашықтан оқығандықтан, оларға жеңілдік жасалып отыр.
Калькульятор қолдануға болады
ҰБТ тапсырмалары калькульятор көмегімен,білім мен дағдысыз сұрақққа жауап беруге болмайтындай етіп құрылғандығын ескерсек, математика теоремаларын, физика заңдарын қалай керектігін білмей, химиялық реакциялардың процестерін түсінбей, тест тапсырмасына жауап беру мүмкін емес екендігін білу керек. Осылайша, ҰБТ 2020 кезінде барлық тестіленушілер қарапайым арифметикаға арналған калькульятормен қамтамасыз етілетін болды, бірақ емтихан тапсырушыларға өзімен калькульятор әкелуге қатаң тыйым салынытын болды.
2020-2021 оқу жылына арналған грант саны қанша?
Министр бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылына арналған гранттар бөлінді:
- Бірінші орында- инженер кадрларын даярлауға 2020 жылы ең көп грант бөлінеді - 14681 грант. Оның ішінде құрылыс мамандықтары үшін - 2500 грант, электротехника және энергетика мамандықтарына - 1800, тау-кен өндірісі - 1702 грант.
- екінші орында - педагогика - 8243 грант. Оның ішінде 789-ы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" бағыты бойынша мамандандырылған;
- елде шет тілдері мұғалімдері жетіспейді - 760 грант, химия - 740 грант, физика және биология әрқайсысына 730 грант,
- 4088 грант - жаратылыстану, математика және статистика салаларына бөлінген;
- 3815 грант - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үшін;
- 2700 грант - денсаулық сақтау саласына;
- 1565 грант - ауыл шаруашылығы үшін;
- 979 грант - іскерлік, басқару және заңгерлік мамандықтарына.