• Басты бет
  • /
  • “Әр өлеңі – бір әлем” атты әдеби-музыкалық кеш
“Әр өлеңі – бір әлем” атты әдеби-музыкалық кеш

9 ақпан “Мен ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім одан әрідегі ұрпақтардың туысымын” деп жазған Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай мектебіміздің Жастар қауымдастығы мүшелерінің ұйымдастыруымен “Әр өлеңі – бір әлем” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеште ақынның жырларын жас ұстаздардың бірі мәнерлеп оқыса, бірі ақынның сөзіне жазылған әндерді тамылжыта орындады. Ақынның өлеңдерінен, күнделігінен қойылым да қойылды.
О, муза,
Тағдырыма иемісің?
Күрсініп көкірегіме күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүйеу үшін, - деп жырлаған Мұқағали Мақатаев жырлары – бүгінде ұрпаққа мұра.

https://www.instagram.com/p/C3I1nstr-8g/

https://www.instagram.com/p/C3I4BQtLXMe/?img_index=2