• Басты бет
  • /
  • “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталықтарының аясында “Бірыңғай ашық есік” күні ұйымдастырылды.
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталықтарының аясында “Бірыңғай ашық есік” күні ұйымдастырылды.

М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында 30 қыркүйек күні “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы ашылды. “Ата-аналарды педагогикалық қолдау”орталықтарының аясында “Бірыңғай ашық есік” күні ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ата-ана тарапынан болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, саналы ұрпақ болып өсуі, дұрыс білім алып жетілуі, өмірде өз орнын табуы үшін көмек беру.

“Бірыңғай ашық есік” күні 4-аймақ бойынша жұмыс жасалынды:
1-аймақ. “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы кабинетінде әлеуметтік педагог және педагог-психолог мамандар кеңес берді.
2-аймақ. Пән мұғалімдері ата-аналарға оқушылардың оқу үлгерімі бойынша пәнге қатысты кеңес, ұсыным берді.
3-аймақ. Шеберлік сыныптарда қолөнер, өнер үйірмелерінің жұмыстары таныстырылды.
4-аймақ. Спорт секцияларының жұмысы көрсетілді.

https://www.instagram.com/p/CxzgykfInY4/?img_index=1

https://www.instagram.com/p/CxzjfOeM9uR/