М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында 20 қазан 2023 жылы 9 «Ә» сыныбы және сынып жетекшісі Мукашева Алтынай Сулейменовнаның ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 25-қазан Республика күніне орай «Айбарлы, асқар елді Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту. Еліміз үшін республика күнінің маңызы өте зор болып табылады. Жаңа Қазақстанды құратын жасөспірімдер өз елін, өз жерін әрқашанда құрмет тұтулары керек.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының гимні орындалуымен басталды.
Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық қазақша, орысша әндер айтылып, күй шертіліп, билер орындалды. Сонымен қатар «Қазақ хандығы» тақырыбында көрініс қойылды. Керей ханның таққа отырғаны, Жәнібек Сұлтан ағасын алдына шығып көтергені көңілге ерекше қуаныш сезімін орнатты. Көріністе Алаш жұртының әділдікті, теңдікті, адамгершілікті, тәуелсіздікті қалайтыны, Керей, Жәнібек аталарымыздың біз үшін шайқасып, бізге осы жерді алып беріп, тәуелсіздікті сыйлағаны туралы айтылды.
Мерекелік іс-шараға қатысқан оқушылар оның жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосты.
- Басты бет
- /
- «Айбарлы, асқар елді Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Айбарлы, асқар елді Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.