«Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

03.10.2023 ж. күні мектебімізде құндылыққа негізделген білім беру аясында қарттар күніне арналған «Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты мектепішілік іс-шарасы өтті. Әжелердің әлдиі мен ертегілерінен бастау алып өскен ұрпақ, салиқалы да білімді болып өсетіні баршамызға аян. Осы өткен іс-шара соның бір дәлелі болды. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің өнегесімен, аталар ақылымен, өсіп өркендеген халық екенін тағы да дәлдеп кетті десек артық емес. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына болатынын осы іс-шара арқылы біздің болашақ жастарымызға үлгі ретінде көрсетіп, мән-мағынасын аша білді. Іс-шарада әженің орны мен тәлім-тәрбиесінің биік екені көрсетіліп, оны өлең шумақтарымен әрлеп, ата-әжелердің көрінісі арқылы қазіргі кездің басты мәселелерін өмірмен байланыстырып білім алушылардың ой-өрісіне арқау қылып, ұлт тәрбиесіндегі басты құндылықты насихаттай білді. Сонымен әжелерге арналған әндер мен биге де кезек беріп, көпшілікке көңілді көңіл-күй сыйлап, соңында үлкендердің батасымен іс-шарамызды аяқтадық. Білім алушылар мен ата-аналар да ризашлықпен тарқасты.
Іс-шараны ұйымдастырған 6 «К», 6«И», 6 «Д» сынып жетекшілері мен білім алушылары: Кульбекова Айгуль Аблаевна, Колчараева Фарида Арыстанбековна, Кеншімбаева Гүлжазира Мұсаханқызы.

https://www.instagram.com/p/CyCDQfGL0KL/