Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында біртұтас тәрбие беру "ТАЛАП" құндылығының негізінде 22.09.23 күні 8,9 сынып білім алушыларына "Буллинг және Кибербуллинг" тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: оқушылар арасындағы буллинг және кибербуллингтің алдын алу. Қазіргі заманда жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің өршіп жатқаны жайында және оның алдын алу жолдары мен болдырмау жөнінде оқушыларға ақпарат берілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ускенбаева Г.А. Буллинг және кибербуллингты оқушылар арасында болдырмау жолдары туралы түсініктеме жүргізді. Егерде үлкендер тарапынан көмек қажет болған жағдайда, іште жүрген ойларыңыз мазаласа мектеп қабырғасында ілініп тұрған QR кодтар арқылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға хабарласуға, анонимді хат жазуға болатынын және мектеп әкімшілігі тарапынан көмек көрсетілетінін атап өтті.
Сөз соңында оқушыларға, "Буллинг және Кибербуллинг" атты бейнежазба көрсетіліп оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мектеп психологтары: Махан А.Қ., Абуталипова А.Д.
https://www.instagram.com/p/CxfVSmvLYBO/?img_index=1
- Басты бет
- /
- Буллинг және Кибербуллинг
Буллинг және Кибербуллинг