• Басты бет
  • /
  • “Дат” дебат клубымен «қарттар үйі керек пе?»
“Дат” дебат клубымен «қарттар үйі керек пе?»

Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында 26 қыркүйек күні “Дат” дебат клубымен «қарттар үйі керек пе?» деген тақырыпта пікірсайыс өткізілді.
Қарт десе, әркімнің көз алдына өз шаңырағына құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қария елес­тері анық. Тілеуі­мізді тілеп, ба­ла­­­­лары мен немере­лерінің қы­­зы­­­­ғын көріп, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дей­міз. Өкі­ніш­ке қарай, перзент атаулы­н­ың бәрі ата-анасын, ата-әже­­­лерін алақандарында аялап отыр­­ған жоқ. Түн ұйқысын төрт бө­ліп, махаббатын, жан шуа­­ғын аяма­ған ата-анасына қатыгез­­дік­пен қа­райтын адамдар көбейіп келеді. Қарайтын жанашыры қалмай не өзі теңдес жандармен сырласа қарттығын қарсы алғысы келетіндер де баршылық. Көп емес болуы мүмкін, бірақ бар.

Бүгінгі таңда елімізде қарт­тарға арналған жүзге жуық мекеме тір­келген. Ал оларды пана етіп отырған адамдар саны 35 мыңнан асып түседі. Олардың басым бөлігі қазақтар. Осы орайда «қарттар үйі керек пе?» деген сауалға бүгін мектебіміздің “Дат” дебат клубының пікірсайысшылары жауап іздеп көрді. Ойын британ парламенттік форматында өтті. 8-11-сыныптардан құралған көрермендер де пікірталасқа белсене қатысып, сауалдарын қойып отырды. Ойын нәтижесі бойынша, жабушы үкімет позициясында сөйлеген Нұрайым Қабдыл мен Қазына Шаттық жеңіске жетті. Жансезім Жамалхан үздік спикер атанды. Түйткілді мәселелерге бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамды мектептегі пікірталас алаңдары қалыптастыратыны сөзсіз. Ойын соңында дебатқа қызығушы жастар клуб қатарына қосылуға ниет білдірді. Демек, ойын өз межесіне жетті дей аламыз.
https://www.instagram.com/p/CxppytfLxFX/