«Қарттарым-асыл қазынам»

Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында қыркүйектің 27 күні мектебімізде 9 «Ә» сыныбы мен сынып жетекшісі Мукашева Алтынай Сулейменовнаның ұйымдастыруымен «1-қазан Қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында ардагер ана, асыл әже Мұқажанова Гүлбану Боранқұловнамен кездесу өтті.
Гүлбану әже оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет керектігін түсіндіріп, өз өмірінен сыр шертіп, қандай қиын кезеңдерді бастан кешіргенін, өзінің еңбекқорлығының арқасында бәрін жеңе білгенін айтып берді.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Кездесу соңында Гүлбану әжеміз оқушыларға жүрекжарды тілегін айтып, ақ батасын берді.

https://www.instagram.com/p/Cxzp9qurD9D/