3-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі
88. Республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын тиісінше республикалық мемлекеттік орта білім беру ұйымдары ұйымдастырады.
89. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымы ұйымдастырады.
90. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, барлық бос және (немесе) уақытша бос лауазымға мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.
91. Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
92. Конкурс аптасына 16 сағат және одан да көп сағат оқу жүктемесі бар педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына өткізіледі.
93. Бос лауазымдар болған жағдайда әрбір педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы тиіс.
94. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
95. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) қажетті құжаттар тізбесі;
6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі.
96. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады.
97. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді.
98. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге рұқсат етіледі.
99. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды.
100. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
101. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады.
102. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
103. Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
104. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
105. Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады.
106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.
111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.
114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.
115. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өтті деп есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
116. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
117. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
118. Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.
119. Әңгiмелесуге қатысқан, бiрақ тағайындауға ұсынылмаған кандидаттарды конкурстық комиссия кадр резервiне қоюды ұсынады.
120. Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған күннен бастап бір жылды құрайды.
121. Кадр резервіне енгізілген кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді.
122. Конкурстың нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстың соңғы отырысы өткізілген күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
123. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін немесе комиссияның оң қорытындысын алған кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
124. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымының басшысы конкурстық комиссия кадр резервіне ұсынған немесе қабылдауға ұсынылған педагогтен кейін ең жоғары балл жинаған кандидатпен еңбек шартын жасасады.
125. Егер конкурс нәтижесінде комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
126. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен танысады.
127. Қос қызмет атқаратын педагогтерді конкурссыз жұмысқа қабылдау бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын уақытқа рұқсат етіледі.
128. Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, қос қызмет атқаратын педагогтің бос жүктемесі педагогтердің арасында бөлінбейді
129. Оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет атқаратын педагог қабылданады.
130. Кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым береді.
131. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия шешіміне жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясына немесе сот тәртібімен шағым жасайды.
132. Педагогті лауазымынан босату Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
133. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды білім беру ұйымы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісе отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және (немесе) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
2 |
Мемлекеттік |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру: |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қағаз түрінде - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10 |
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады. |
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Байқаушының жадынамасы
Құрметті байқаушы, Сізді конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін шақырды.
Осыған байланысты байқаушының толық жұмысы үшін осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз.
Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.
Байқаушы ретінде Сіздің:
Конкурс қатысушыларының құжаттарымен танысуға;
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу кезінде қатысуға;
Әңгімелесуді өткізу барысы туралы баға беруге;
конкурс жариялаған мемлекеттік органның басшылығына конкурстық комиссияның жұмысы туралы өзіңіздің пікіріңізді жазбаша түрде беруге мүмкіндігіңіз бар.
Бұл ретте байқаушы:
кандидаттарға сұрақтар қоюға;
конкурс қатысушыларының жеке басы деректерін жариялауға;
әңгімелесу өткізу процесіне араласуға, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасауға;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдемдесуге;
конкурстық комиссияның мүшелеріне олардың шешім қабылдауында әсер етуге;
нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттері туралы пікірін білдіруге;
техникалық жазба құралдарын пайдалануға болмайды.
Әңгімелесу кезінде конкурстық комиссияның Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтауына назар аударыңыз.
Таныстым: _______________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20__ жылғы "____"_______________.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (қағаз түрінде берілген жағдайда)
____________________________________________________________________
/көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету
____________________________________________________________________
/көрсетілетін қызметті берушінің атауын көрсету/
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау конкурсына қатысу
үшін қабылданған құжаттардың тізбесі
керегінің астын сызу керек
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
Қабылдады:_________________________________________"__"_____20__жыл
____________________________________________________________________
(Орындаушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) (қолы, байланыс телефоны)
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (қағаз түрінде берген жағдайда)
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын басшылыққа ала отырып
______________________________ ________________________________________
/ көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауын,
мекенжайын көрсету / мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын
тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
/ көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. (болған жағдайда) көрсету /
____________________________________________________________________
/ білім беру ұйымының атауын көрсету /
____________________________________________________________________
байланысты, атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес келмейтін құжаттардың атауын көрсету /:
1)_________________________________;
2)_________________________________;
3)_________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. "___"___________20___жыл
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т. А. Ә. (болған жағдайда))
____________________________________________________________________
(қолы, байланыс телефоны)
Қабылдады:__________________________________________________________
/ Т.А.Ә. (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының /
"____"___________20___жыл ____________
/қолы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
____________________________ конкурс жариялаған мемлекеттік орган |
____________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.
Өтініш
Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша
(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.
(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)
Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс
керегінің астын сызу керек
Конкурс қағидаларымен таныстым:
Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):
____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________
Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.
Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.
Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.
Тыйым салынған заттар:
- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);
- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);
- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);
- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;
- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;
- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.
Келісемін ________________________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)
Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.
20___жылғы "____" ______________ ____________________
/қолы /
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының лауазымына тағайындау бойынша тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімі
№ |
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (толық)* |
ЖСН* |
Тестілеуді тапсыру тілі |
* Ескерту: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Мөр орны
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының лауазымына тағайындауға арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификат
_______________________________________________________
аттестатталушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
________________қаласында мемлекеттік ұйымның басшысы лауазымына
_______________________________________________________
тестілеуге қатысқанын растайды.
Тестілеуді өткізу күні "____" ___________
күні, айы, жылы
және келесі нәтиже көрсетті:
Тестілеу мазмұны |
Тестік тапсырмалар саны |
Шекті балл саны 70% |
Жинаған балл саны |
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білуге арналған тестілеу |
75 сұрақ |
53 балл |
|
2. Педагогика және психология негіздері |
10 сұрақ |
7 балл |
|
3. Басқарушылық құзыреттер |
15 сұрақ |
11 балл |
|
Барлығы |
100 сұрақ |
ҰТО басшысы (өкілі): _______________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Мөр орны
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесудің тақырыптық бағыттары
1.Қазақстан Республикасының білім беру саласын реттейтін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық құжаттары, білім беру саласындағы уәкілетті органның негізгі нормативтік құқықтық құжаттары.
2. Білім берудегі менеджменттің заманауи тәсілдері.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары.
4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.
5. Табысты білім беру ұйымының, табысты басшының, табысты білім алушылар/тәрбиенушілердің, табысты педагогтің өлшемшарттары.
6. Қазақстандық білім берудегі халықаралық зерттеулердің рөлі.
7. Білім беру ұйымындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жүйесі.
8. Деңгейлер бойынша ҚР мемлекеттік білім беру жалпыға міндетті стандартының ерекшеліктері.
9. Әкімшіліктің Қамқоршылық кеңеспен өзара әрекеттесу жүйесі.
10. Кадрларды даярлауда әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың рөлі.
11. Білім беру ұйымын білікті кадрлармен қамтамасыз ету міндеттері.
12. Білім беру ұйымының қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі мен нәтижелері.
13. Экономика саласы үшін кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдері.
Мөр орны
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына кандидатты бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))
№ |
Өлшемшарттар |
Балл саны (1-ден 10-ға дейін) |
1. |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу (тестілеу нәтижелері негізінде) |
52-дан 59-ға дейін = 8 балл |
2. |
Басқарушылық құзыреттер (тестілеу нәтижелері негізінде) |
10 дұрыс жауап = 5 балл |
3. |
Педагогика және психология негіздерін білу (тестілеу нәтижелері негізінде) |
7 дұрыс жауап = 7 балл |
4. |
Кандидаттың жеке кәсіби қасиеттері |
1-ден 10 балға дейін |
5. |
Білім беру ұйымдарын табысты дамыту бойынша практикалық көзқарасы |
1-ден 10 балға дейін |
6. |
Жағдаяттық тапсырмаларды ұтқыр, икемді шеше білу |
1-ден 10 балға дейін |
7. |
Белсенді, жағымды педагогикалық ортаны құра білу |
1-ден 10 балға дейін |
8. |
Білім беру ұйымдарын басқаруда шығармашылық әлеуетті пайдалану |
1-ден 10 балға дейін |
9. |
Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті |
1-ден 10 балға дейін |
Барлығы: |
Ескертпе:
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың өлшемшарттарын комиссия мүшелері 10 балдық шкала бойынша бағалайды.
Төртінші және тоғызыншы сұрақтар Конкурстық комиссия мүшелерімен бағаланады. Жалпы балды шығару кезінде Комиссия мүшелері қойған балдардың жалпы санынан орташа арифметикалық балл ескеріледі
1-51 – жеткіліксіз деңгей;
52-75 – жеткілікті деңгей.
Жеткіліксіз деңгейді көрсеткен кандидат білім беру ұйымының басшысы және атқарушы болып тағайындауға комиссиямен ұсынылмайды.
Конкурс жеңімпазынан кейін жоғары нәтиже көрсеткен кандидатты (нәтижесі 60-тан 75 балға дейін) комиссия кадр резервіне алу үшін ұсынады.
____________________________________________________________________
кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН
____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
____________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
____________________________________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
_________________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл саны |
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы диплом |
Техникалық және кәсіптік = 1 |
|
2. |
Ғылыми / академиялық дәрежесі |
Білімі туралы диплом |
Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5 |
|
Ұлттық біліктілік тестілеуі |
Сертификат |
"Педагог" біліктілік санатымен |
||
3. |
Біліктілігі/Санаты. |
Куәлік, өзге де құжат |
2 санат-1 балл |
|
4. |
Педагогикалық қызмет өтілі |
еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат |
1 жылдан 3 жылға дейін = 1 |
|
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі |
еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат |
әдіскер= 1 балл |
|
6. |
Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін |
Білім туралы дипломға қосымша |
Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері |
|
7. |
Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) |
Хат |
Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл |
|
8. |
Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері |
- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; |
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл |
|
9. |
Әдістемелік қызмет |
- авторлық жұмыстар және жарияланымдар |
ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл |
|
10 |
Қоғамдық-педагогикалық қызмет |
- көшбасшылық |
тәлімгер-0,5 балл |
|
11 |
Курстық дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; |
НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары |
|
Барлығы: |
Максималды балл – 83 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
____________________________ конкурс жариалаған мемлекеттік орган ________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Көрсетілген қызметті алушының қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, _____________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;
2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;
3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып,
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.
Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.
Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.
__________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)