1 қараша күні "Құндылықтарға негізделген білімнің оқу-тәрбие процесіндегі маңызы" атты ұстаздарға арналған семинар өтті.
Мақсаты: Мұғалімдерге құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру маңыздылығын дәріптей отырып, өз пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыруға әдістемелік көмек көрсету; Пән мұғалімдерінің және сынып жетекшілердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Семинар 4 бағытты қамтыды: 1) Құндылықтардың пәнге кіріктірілуі. Пән мұғалімдері Рысбекова С., Мукашева А, Жандыл Е қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында және Базарбаева Н.бастауыш пән сабақтарында қүндылықтарды енгізу әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
2) Құндылықтарды сынып сағаттарында қолдану тәсілдерімен Кошербаева Р, Ахметова А, Тастанова М, Жусупова Ж бөліссе,
3) Ата-аналармен жұмыс үлгісі тәжірибесін Кукенова К., Кульбаева Т, Мамбетбаева Ә. ортаға салды.
4) "Мектепте жағымды ортаны қалай қалыптастырамыз?" тақырыбында тренерлер Ускенбаева Г, Оналбекова А, Қалдыбаева Г. тәрбие үдерісіндегі өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/CzGrh-zM8eR/