• Басты бет
  • /
  • «Құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру» жобасы аясында «Уақыттың қадірі»
«Құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру» жобасы аясында «Уақыттың қадірі»

М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында 15 қыркүйек 2023ж. педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» Оразахынова Нұрша Алжанбайқызымен кездесу өтті. Кездесу «Құндылықтарға негізделген тәрбие мен білім беру» жобасы аясында «Уақыттың қадірі» тақырыбында өтті.
Нұрша Алжанбайқызы оқушыларға өз өмірінен сыр шертіп, уақыттың біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарының бірі екенін, оқушылардың болашақ өмірден өз жолдарын дұрыс таба білуі үшін алдына мақсат қойып, жоспар құра білуі және белгілі бір мамандық иесі болуы үшін талмай еңбектеніп, белгілі бір жетістікке жету үшін уақытты тиімді пайдалана білуі керектігін түсіндіріп, уақытты тиімді пайдалану арқылы осындай дәрежеге, табысқа қалай жеткенін әңгімелеп берді,
Кездесу өте мазмұнды өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
Кеш соңында Нұрша Алжанбайқызы ұстаздар мен оқушыларға ақ тілегін айтып, батасын берді.

https://www.instagram.com/p/CxUOujsIspX/