"Мектепке жол» акциясы" 2020-2021 оқу жылы
Мектебіміздегі 2020-2021 оқу жылына арналған көмекке тоқталатын болсақ: жалпы 727 көп балалы отбасынан шыққан оқушылар бар. Соның ішінде әлеуметтік педагогтарға құжат тапсырып, жалпыға бірдей оқу қорынан көмек алған оқушылар саны - 265. Тамыз айында «Мектепке жол акциясы» өтті. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алмайтын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан асып тұрған 26 оқушыға қолдорба, мектепке қажетті құрал-жабдықтар таратылды.
№ 74 мектеп-гимназиясы « Мектепке жол» акциясы
Жыл сайынғы жаңа оқу жылы басталар алдындағы өткізілетін республикалық «мектепке жол» акциясы биылғы 2019 - 2020 оқу жылында 1 тамыздан бастап өз жұмыстарын бастады.
Тұрмысы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар тізімі нақтыланып, олардың шарадан тыс қалмауы қамтамасыз етілді.
Мектепке жол акциясы бойынша Алматы ауданы әкімшіліктен 78 оқушыға оқу құрал, сөмке берілді. Сонымен қатар білім басқармасынан 50 оқушыға оқу құралдар мен сөмке берілді.
Тұрмысы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепте оқитын әрбір оқушыға 353 оқушыға көлемі 30000 тг құрайтын сертификат берілді.