• Басты бет
  • /
  • Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Бейімделу аптасы»
Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында «Бейімделу аптасы»

Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында

«Бейімделу аптасы»

2023 ж 24-29 тамыз аралығында 5-9 сынып оқушыларына «Бейімделу аптасы» жүргізілді.

Мақсаты: Бейімделу аптасының мақсаты – оқушылардың мектеп қауымдастығына сәтті және қиындықсыз интеграциялануын қамтамасыз ету, оқу ортасында жайлылық пен тиесілілік сезімін қалыптастыру, оқушыларға мектепте оқу және әлеуметтену үшін қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ету. Бастысы оқушының жазғы каникулдан кейін мектеп ортасына тез әрі жеңіл бейімделуіне көмектесу.

24.08.2023 күні 5-9 сынып оқушылармен танысу жаттығулары жүргізілді. «Менің ассоциацияларым» жаттығуының барысы қатысушыларды шеңбер бойымен өздерінің есімдерін және өзімен байланысты алғашқы ассоциацияларын атайды. Мақсаты: Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.

«Сиқырлы ғажайып орман»

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.

Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз. Сараптама: Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?


Описание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\55963f55-7e9e-4e72-8a71-a922e6f84864.jpgОписание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\8ddc8312-de1b-49b6-97b4-50167b0206c6.jpg

25.08.2023 күні сыныптастар арасындағы кикілжің, оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілік, буллингке байланысты жаттығулар, видеоролик үзінділер көрсетілді.

Бейнефильм «Буллинг дегеніміз не?» және «Мектептегі буллинг» https://t.me/c/1764511914/40

«Ережелер жинағы» жаттығуы: Қатысушылармен бірге ойлана отырып, топтың ережелерінің шағын жинағын жасап шығады. Оқушылар өздері ережелер ойлап табады. Қорқыту біздің тобымызда орын алмауы үшін бәріміз ережелерді ұстанамыз деген негізді қалыптастыру.

Описание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\85b0df6d-33dd-4f88-ac03-fc5a9f2ea5fa.jpgОписание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\74d9aa7e-6f8f-401a-8687-eb11aeb718be.jpgОписание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\b33f4e6f-7f8a-49ca-be10-ea2cc9afe08b.jpg

26.08.2023 күні «Карусель» тренингі. Тренинг мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.

Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

Описание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\e41b9a58-6424-45e9-8e98-958d87a618dc.jpg Описание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\6ae5dacf-d5bc-4a21-87a8-040d1ad47f4b.jpg

28.08.2023 күні Әдістемелік орталықтың әдіскері Хамзина Күлпан Мұхтарқызымен бірлесе отырып оқушылармен жұмыс жасалды. Әдіскеріміз 5-9 сынып оқушыларымен танысу жаттығуларын жасады.

«Патша» жаттығуы мектеп психологымен жүргізілді. Топ арасында патша анықталады. Қалған оқушылардың бәрі қызметші болады және ол бұйырғанның бәрін жасауы қажет. Жаттығу аяқталғаннан кейін топ шеңберге жиналып, жаттығуда алған тәжірибелерін талқылайды. Бұл келесі патша болғандардың әрқайсына өз тілектерін қалған балалардың ішкі мүмкіндіктерін салыстыруға және жақсы патша болу жолдарын түсінуге көмектеседі.

Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, рефлексия жасалды.

Описание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\7122e041-416c-4868-aabe-0c2f3221b572.jpgОписание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\fac31c91-444c-49ed-b517-3fb472a202ce.jpgОписание: C:\Users\User\Desktop\Бейімделу аптасы\55224c4d-edfb-494d-ba3f-0e5d9444aa97.jpg

29.08.2023 күні «Мен ғажаппын» жаттығуы жүргізілді. Жаттығу барысында әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуы үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс. Жаттығу мақсаты: өзіне деген құрметті және сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

Оқушыларға мектеп психологтарының тарапынан «Мен кімнен көмек сұрай аламын?» және «Буллингке жол жоқ» атты жадынама таратылып, сенім телефондары берілді.


https://docs.google.com/presentation/d/16N7Ap8ATRmMb8FC-9Z74sbUid2Z9r90s/edit?usp=sharing&ouid=101273578080462146650&rtpof=true&sd=true

https://docs.google.com/presentation/d/110Djh7Q2QvOYrUtfNk1znORIxbd9OJ2D/edit?usp=sharing&ouid=101273578080462146650&rtpof=true&sd=true