2021-2022 оқу жылындағы «Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК әлеуметтік педагогтың
жылдық есебі
№74 мектеп-гимназия бойынша жалпы – 2713 бала.
Оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жұмысы бекітілген жоспар бойынша мектепте көпбалалы отбасылармен, азқамтылған отбасыларды анықтап, осы категориядағы отбасылардың қажетті құжаттары тексеріліп қабылданды. Статустағы оқушылардың құжаттарын реттеп, жаңа оқу жылына тізім жасалынды. Мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалады.
2021-2022 оқу жылы мектептің әлеуметтік паспортымен таныстырып өтсек. Жалпы мектеп бойынша көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 946. Соның ішінде әлеуметтік педагогтарға құжат тапсырып, жалпыға бірдей оқу қорынан көмек алған оқушылар саны – 383
Атаулы әлеуметтік көмек алатын (АСП) оқушылар саны - 142
Ай сайынғы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылар - 233, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны- 8.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін» бекітті. Осы қаулыны негізге ала отырып,ата-аналардың өтініштері негізінде материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі жасалынып көмек көрсетіледі.
Мектебіміздегі 2021-2022 оқу жылына арналған көрсетілген көмекке тоқталатын болсақ ,9 тамыздан бастап «Жалпы оқыту қорынан» көмек көрсету бойынша 9 тамыз бен 30 қазан аралығында 383 аз қамтылған отбасынан шыққан және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар тіркелді, осы оқушылардың әрқайсысына 40000 тг карточка түріндегі көмек берілді. 40000 теңге көлемінде берілген көмек 09.08-30.10 аралығына дейін жүрді. Арнайы белгіленген дүкендер желісі жұмыс жасады. Ата-аналар балаға қажетті киім-кешектер, аяқ киімдер, оқу-құралдарын ала алды.
Өзге де санаттар бойынша тұрмыс жағдайы төмен 5 отбасының үйіне барып акт жасалып тұрмыс жағдайлары қаралып, қамқоршылық кеңестің шешімімен көмек көрсетілді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жағдайын бақылау мақсатында жылына екі рет үйіне барып акт жасалынды.
Тамыз айында «Мектепке жол акциясы» бойынша атаулы әлеуметтік көмек алмайтын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасынан шыққан 13 оқушыға Алматы ауданы әкімінің орынбасары Н. М. Қожекенов қолдорба, мектепке қажетті құрал-жабдықтар таратылды. Білім басқармасы мектеп оқушыларына демеушілік көрсетіп, 9 оқушыға қолдорба мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартты.
Бұған қоса қашықтықтан оқытылуына байланысты, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, тұрмысы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тізімі жасалынып, мектеп тарапынан оқушыларға интернет роутер, компьютер, ноутбук, моноблок беріліп, оқушылар толық техникалық жабдықтармен қамтылды.
Оқушыларды КТ қамтамасыз ету
Барлығы - 266 нетбук, планшет берілді .
1. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар
2. Көпбалалы отбасы балалары
3. Жағдайы төмен отбасы балалары
4. Қажет деген отбасы балаларына берілді.
Жыл сайын жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақпен қамтылып, тізім жасалынып, балаларды бір реттік кешенді ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда 5-11 аралығында (171 оқушы) сынып тегін тамақ ішіп жатыр.
Сонымен қатар желтоқсан айында 2 оқушы мүгедек және көпбалалы тұрмысы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар ҚР президентінің атынан жаңа-жылдық мерекелік шыршадан сертификат, тәтті кәмпиттер алса, қала әкімінің атынан мүгедек және көпбалалы тұрмысы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 6 оқушы сыйлық ретінде сертификат пен тәтті кәмпит алды, 5 оқушы Алматы ауданы әкімінің атынан тәтті сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар мектебімізде қараша айында қайырымдылық акциясы өтіп, тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасына азық-түлік таратылды.
27.12.2021 жылы Көпбалалы отбасынан шыққан Ибраев Мұса 3 «А» сынып оқушысы және Ибраева Асия 1 «З» сынып оқушысына Білім басқармасы атынан жаңа жылдық тәттілер табыс етілді.
5.04.2022 жылы көпбалалы тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан Таскескен 94 көшесінде тұратын Айтмағанбетова Алима 3 «ә» сынып оқушысы және Айтмағанбетова Адина 1 «б» сынып оқушысына 74 мектеп гимназиясынын «СоциумПид» демеушілік көрсетіп, азық түлік және тәттілер табыс етілді. Күріш 5 кг, ұн өнімдері 3кг, күнбағыс майы 5 л, жұмыртқа, жеміс-жидектер беді. Тағы дәл осындай көмек көпбалалы отбасынан шыққан Айнакөль 159 жатаханасында тұратын Бахтыбек Нұрай 4 Б сынып оқушысына анасы Усенова Жибекке табыс етілді ата аналар өздерінің ризашылықтарын білдіріді.
1 маусым балалар күніне орай көпбалалы және тұрмысы аз қамтылған оқушыларды Р.Бағланова атындағы концерт залына мерекелік іс-шараға апардық. Мектебімізден Ғабитқызы Аружан, Маметжан Ақнұр, Примбетова Амина, Нурсейтова Аяжан барды.
Жасыл ел бағдарламасы бойынша лагерьге көпбалалы тұрмысы аз қамтылған 12 оқушының тізімі жасалып, құжаттары тапсырылды.
Қала сыртындағы жазғы лагерь бойынша «Боровичок» жазғы лагеріне 10 оқушы, «Арман» лагеріне 17 оқушы көп балалы, азқамтылған, жалғызбасты отбасынан шыққан оқушылардың құжаттары стандарт бойынша жинақталып білім бөліміне өткізілді.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5-11 сынып арасындағы 181 оқушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың тамақтану кезеңінде асханада әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері жауапты . Күн сайын мектеп медбикесі асхана мәзірін тексеріп, балалардың тамақтануын бақылап отырады. Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия айына екі рет асханада балаларға берілетін тамақты тексеруден өткізіп отырады. Ай сайын Білім басқармасына оқушыларды тамақтандырудың есебі тапсырылып отырды.
Жыл бойы күнделікті хабарласып отырған ата-аналармен сөйлесіп сұрақтарына жауап беріп, ата-аналармен тығыз байланыста байланыста болдық. 2021-2022оқу жылында жұмыстың нәтижелі болу мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасаймын:
1-11 сыныптар бойынша оқушылардың толықтай әлеуметтік жағдайы зерттеліп тұрмысы төмен отбасыларға көмек алуға қажетті құжаттар тізімі уақытында тапсырылсын, ата-ананың арызы бойынша жалпыға бірдей білім қорынан көмек көрсетілсін,осы категориядағы оқушылар тізімі жасалынып,бақылауға алынсын.
2021-2022 оқу жылында осы ұсыныстар есепке алынып,оқу жылының басында көпбалалы, жетім, тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету керектігі назарға алынсын.
Оқушылардың ата- аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасалсын.
Әлеуметтік педагог Адилбекова А.А
Рахимгулова Г.Р