Оқу жылының қортындысы

5-11 сыныптар бойынша 2019-2020 оқу жылынының жұмыс
қорытындысы

Оқу жылының басынан бастап жылдық жоспар жасалып бекітіліп, жоспар негізінде жұмыс жүргізілді. 2019-2020 оқу жылында тоқсандық, жылдық сағат жүктемесі арнайы бекітілген сабақ кестесі бойынша жүзеге асырылды. Барлық пәндерден бағдарлама толығымен орындалды, мереке күндеріне келген сабақтар мектепішілік бұйрық бойынша кіріктіріліп өткізілді және пән мұғалімдерінің бағдарламаны орындау есебіне енгізілді. Ағымдағы жылда мектепішілік жылдық жұмыс жоспары бойынша айлық жоспар құрылып жұмыс жүргізілді. Мұнда пәндердің берілуін бақылау, негізгі пәндер бойынша дәптермен жұмыс жүйесін қалыптастыру, білім, білік, дағдының қалыптасуы қатарлы жұмыстар жүргізіле отырып, әр ай бойынша талдау жасалынып, негіздеме ретінде анықтама жазылып директор жанындағы отырыс хаттамасына жазылып отырды. Пәндердің берілуін бақылау, білім, білік, дағдының қалыптасуы бойынша 87 сабаққа қатысып пән мұғалімдердің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне әдістемелік ұсынымдар жасалды. Оқу жылында жоспарланған оқу-тәрбие жұмыстары, әдістемелік жұмыстар, оқу – әдістемелік базаны жетілдіруге дайындығын қалыптастыру мақсатында әдістемелік бірлестіктер арасында «Жаңартылған білім мазмұны біз үшін ...» атты мектепішілік конкурсы ұйымдастырылып, көрсетілген ереже талаптарына сай белгіленген уақытта өткізілді.

Конкурстың мақсаты:

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушыларға білім беру жүйесіндегі үздік педагогикалық тәжірибелерді трансляциялау.

Конкурстың міндеті:

  • Жоғары кәсіби деңгейдегі педагогтердің тәжірибесіне қолдау көрсету;
  • Кәсіби шеберліктің өсуіне ықпал ету, мамандықтың тартымды имиджін құру;
  • Оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша тиімді инновациялық әдістерді көрсету.
Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар:
  • Жүйелі құрылған жұмыс жоспары.
  • Бірлестікте өткізілген семинар-тренингтердің нәтижелілігі (айына бір).
  • Бірлестік бойынша пәндердің І,ІІ,ІІІ тоқсандардағы білім сапасының өсу динамикасы.
  • Бірлестік мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтарының нәтижелілігі (кем дегенде әр бірлестіктен 10 ашық сабақ).

Бұл конкурс сабақтың жүйелі өткізу барысына жақсы жағына әсер етті. Оқу жылының әр тоқсанында білім, білік, дағдыны бақылау мақсатында пән бойынша мектепішілік жасалынған кестеге сай бөлім бойынша жиынтық бақылау және тоқсандық жиынтық бақылау жұмыстарына талдау жасалынып отырды. Осы жұмыс негізінде әр сыныпта үлгерімі төмен оқушылар айқындалып, оқушылармен арнайы пән мұғалімдері және сынып жетекшілері жұмыс жоспарын құра отырып, ата-ана, оқушы, пән мұғалімі, мектеп психологі бірлесіп жұмыс жүргізіп отырды.Нәтижесінде біраз оқушылар 3- тоқсанда екпінділер қатарына қосылды. Оқу жылында оқу жоспарына сайкес жоспарланған факультативтік сабақтар бекітілген кесте бойынша жауапты пән мұғалімдері талапқа сай өткізді.

9 сыныптар негізгі орта білім курсын және 11 сыныптарда жалпы орта білім аяқтау ерекшелігі бойынша оқушылар мен ата- аналарға түсіндіру жұмыстары уақытылы жүргізілді. Оқушылардың мамандық таңдауына қолдау көрсету үшін ЖОО орындары- ЕҰУ,«Астана медициналық университеті», Астана-Тұран университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университеттерімен біріге отырып, ашық есік күні және түрлі семинарлар өткізілді.

11 сынып оқушыларының ҰБТ тапсыру жүйесіндегі өзгерістер мен дайындық жұмыстарына арнайы жұмыс кестесі құрылып қосымша сабақтар жүргізіліп отырды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 4- тоқсандағы қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша пән мұғалімі мен ата- аналарға арналған әдістемелік ұсынымдарды уақытылы жеткізіліп қадағаланып отырды.

2019-2020 оқу жылында 5-11 сыныптар бойынша 32 сынып комплектісі жинақталды.

2019-2020 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша 5 сыныпта барлығы -194 оқушы ,оқу үздігі -12, оқу екпіндісі-83,

  • 5- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы -49,2%.
  • 6- сыныпта барлығы 205 оқушы, ,оқу үздігі -17, оқу екпіндісі-94, 6- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы -54,1%.
  • 7- сыныпта барлығы 125 оқушы, ,оқу үздігі -4, оқу екпіндісі-37, 7- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы -33%.
  • 8- сыныпта барлығы 89 оқушы, ,оқу үздігі -0, оқу екпіндісі-33, 8- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы - 37%.
  • 9- сыныпта барлығы 80 оқушы, ,оқу үздігі -4, оқу екпіндісі-42, 9- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы – 57,5%.
  • 10- сыныпта барлығы 44 оқушы, ,оқу үздігі -4, оқу екпіндісі-16, 10- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы – 45,4%.
  • 11- сыныпта барлығы 34 оқушы, оқу үздігі -3, оқу екпіндісі-16, 11- сыныптар бойынша жалпы білім сапасы – 55,8 %.

5-11- сыныпта барлығы 771 оқушы, ,оқу үздігі -44, оқу екпіндісі-321, 5- 11 сыныптар бойынша жалпы білім сапасы – 47,3%.

1-11- сыныпта барлығы 1990 оқушы, оқу үздігі -414, оқу екпіндісі-896, 1- 11 сыныптар бойынша жалпы білім сапасы – 66 %.

5-8 сыныптардағы 613 оқушы сыныптан-сыныпқа көшіріліп, «оқу озаты» болған 33 оқушы мақтау қағазымен,10 сыныптардағы 44 оқушы сыныптан-сыныпқа көшіріліп, «оқу озаты» болған 4 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. Негізгі орта білім курсы бойынша пәндерден жылдық қорытынды бағасы негізінде, 9 сыныптардан 80 оқушыға аттестат толтырылып, «оқу озаты» болған 4 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, «Үздік аттестат» куәлігі берілді.Жалпы орта білім курсы бойынша пәндерден жылдық қорытынды бағасы негізінде, 11 сыныптардан 34 оқушыға аттестат толтырылып, «оқу озаты» болған 3 оқушы мақтау қағазымен марапатталып, 2 оқушыға «Алтын белгі», 1 оқушыға «Үздік аттестат» куәлігі берілді. Биылғы оқу жылында ҰБТ-ді 34 оқушы тапсыруға онлайн өтініш беріп, ҰБТ тапсыру күні нақтыланып, Рұқсат қағаздарын алды.