Жалпы мәлімет

2022-2023 оқу жылында біздің мектепте 3218 оқушы білім алуда. Мектепте оқушылар екі ауысымда білім алады. Асханада 1-4-сыныпта оқитын 1515 білім алушы тегін тамақтануда. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 272 білім алушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігінің 2021 жылдың 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда №23892 болып тіркелген бұйрықтың 122 бөлімінде күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі. Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамына міндетті түрде медицина, мектеп әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілдері енгізіле отырып, обьект басшысының бұйрығымен анықталады. Осы бұйрыққа сай биылғы оқу жылында да мектебімізде бракераж комиссиясының құрамы бекітілген. Бракераж комиссия құрамы асханананы үнемі тексеріп тұрады.

Жалпы мәлімет 2023-2024 оқу жылы