Оқуға құштар мектеп

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру; жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау. Мектеп кітапханаларына қоғамның назарын аудару.

МІНДЕТТЕРІ:

-Оқу құзыреттілігін арттыру және оқуға тарту мақсатында оқушылардың

оқырмандық қызығушылықтарына әсер етудің белсенді формалары мен әдістерін, педагогикалық идеяларын іздеу;

-Мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

-Мектеп кітапханаларын ресурстық ақпараттық-кітапханалық және мәдени-ағарту орталықтары ретінде дамытуға ықпал ету ;

-Кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату;

-Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;

-Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

- Мектеп кітапханалары жұмысының әдістемесі мен практикасына инновациялық жобалар мен технологиялар апробацияланады және енгізіледі;

- Мұғалімдердің, кітапханашылардың әдістемелік материалдар банкі жинақталады;

- Жұмыс тәжірибесі жинақталады және таратылады;

- Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады;

- Мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын пайдаланушылар саны артады;

- Балалардың жүйелі, шығармашылық, дамытушылық оқу дағдылары қалыптасады.

1. Оқуға құштар мектеп жобасының жұмыс жоспары

2. "Бала шақтан- болашаққа" атты семинар тренинг

3. "МЕНІҢ ОТАНЫМ- ҚАЗАҚСТАН"көрмесі

4. 1- сынып білім алушылары кітапханаға саяхат

5. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыдым, сен де оқы!»

6. «МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН!» атты семинар-тренинг

Осы беттің QR-коды: